Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Ал енді, мен сіздерге біраз жақсылық істедім ғой. Сондықтан сіздер де менің отбасыма жақсылық істейміз деп Жаратқан Иенің атымен ант етіңіздер. Соның кепілі ретінде маған бір нәрсе беріңіздерші. Содан соң исраилдіктер: «Исраилдің руларының қайсысы Жаратқан Иенің алдында өткізілген жиналысқа өрлеп барған жоқ еді?» — деп сұрады. Себебі олар сол кезде Миспада Жаратқан Иенің алдына келмегендерді міндетті түрде өлімге кесу туралы ант берген болатын. Содан солтүстіктегі Дан мен оңтүстіктегі Бер-Шебаның аралығында тұрып жатқан бүкіл Исраил халқы Самуилдің Жаратқан Иенің пайғамбары болуға тағайындалғандығына көз жеткізді. Содан Самуил рубасыларға: «Бүкіл Исраил халқын Миспаға жинаңдар! Сол жерде мен сендер үшін Жаратқан Иеге мінажат етіп сиынбақпын», — деп тапсырды. Содан соң Самуил Исраил халқын Жаратқан Иенің алдына Миспаға жиналуға шақырды. Ол бір пар өгізді сойып, шауып бөлшектеді. Олардың бөліктерін хабаршыларға үлестіріп берді. Соларды Исраилдің шет-шетіне жұмсап, оларға мына хабарды жар салып жеткізуге бұйырды: «Кімде-кім Саул мен Самуилдің соңынан еріп аттанбаса, соның өгіздерімен де дәл осылай болады!»Сонда Жаратқан Иенің жіберген қорқынышы бүкіл халықты билеп, барлығы бір адамдай жорыққа аттанды.
Выбор основного перевода