Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Осылай Ешуа Келісімді бекіткеннен кейін халықтың барлығын өздерінің мұралық меншіктеріне тиген жерлеріне қайтарып жіберді. Осы оқиғалардан кейін Жаратқан Иенің қызметшісі Нұн ұлы Ешуа жүз он жасқа толып қайтыс болды. Оның мәйіті Ешуаның үлесіне тиген жерінде, Ефрем руының таулы аймағында орналасқан Ғағаш төбесінің солтүстік жағындағы Тимнат-Серах қаласының маңындағы қабірге қойылды. Ешуаның тірі кезінде, әрі Жаратқан Иенің Исраил үшін істеген ұлы істерін көріп-естіген және Ешуадан кейін де өмір сүрген ақсақалдардың бүкіл заманында халық Жаратқан Иеге мойынсұнып, Оған қызмет ете берді.
Выбор основного перевода