Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Жаратқан Ие сендерді жауларыңа жеңілдіреді. Оларға қарсы бір жолмен аттансаңдар, жеті жолмен кері қашатын боласыңдар. Жер бетіндегі барлық патшалықтар үшін қорқынышты көрініске айналасыңдар. Бұдан кейін исраилдіктер қайтадан Жаратқан Иеге жек көрінішті іс-әрекет жасап Бағал, Астарта тәңірсымақтарға табынып кетті, әрі Арама, Сидон, Моаб, Аммон, філістір халықтары табынатын жалған тәңірлерге де құлшылық етіп жүрді. Содан исраилдіктер Жаратқан Иеден мүлдем бас тартып, Оған еш ғибадат етпейтін болды. Жат ұлттардың пұттарына бірге табынды,Осылайша торға түсіп, арамданды, Содан халқына қарсы қаһарланды Жаратқан,Әбден жиренді Өзінің меншікті халқынан. Оларды бөтен ұлттарға тапсырды,Үстерінен жек көрген жаулары билік құрды, Сол дұшпандары қыспақтап қанады,Халықты билеп-төстеп қорлады. Соңында исраилдіктер Бағал мен Астарта есімді жалған тәңірлерден бас тартып, тек Жаратқан Иеге ғана ғибадат ете бастады.
Выбор основного перевода