Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Бірақ халық Жаратқан Иеге жалбарына сиынғанда, Ол бір құтқарушыны: Халептің інісі Кеназдың ұлы Отниелді тағайындады. Отниел исраилдіктерді жау қолынан құтқарып алды. Бірақ исраилдіктер қайтадан Жаратқан Иеге жалбарына сиынғанда, Ол бір құтқарушыны: буняминдік Гера ұлы Ехудті тағайындады. Ехуд солақай болатын. Бірде исраилдіктер оны Моаб патшасы Еглонға алым-салықтарын табыстауға жіберді. Әбумәліктен кейін Додоның немересі Пуах ұлы Тола Исраилді құтқаруға тағайындалды. Исашар руынан шыққан ол Ефремнің таулы аймағындағы Шамирды мекендеді. сондай-ақ, сидондықтар, амалектіктер және мағондықтар сендерді қыспақтап қанағанда, Маған жалбарына сиындыңдар, ал Мен өздеріңді олардың қолынан құтқарып алып отырдым. Бұл солай болды емес пе? Себебі жүкті болып, ұл туасың. Оның басына ұстара мүлдем тимеуі керек. Ол құрсақта жатқан кезінен-ақ Құдайға ерекше бағышталған жан болады. Исраилді філістірлердің қолынан сол құтқара бастайды!» Сонда Жаратқан Ие сендерге Еруб-Бағал, Бедан, Ефтах, Самуилді жіберіп, айнала қоршаған барлық жауларыңнан азат етті. Осылай тыныштықта өмір сүрдіңдер. Сондықтан Сен ата-бабаларымызды жауларының қолына тапсырдың. Жаулары оларға зор азап шектірді. Қатты қиналып жатқан кездерінде ата-бабаларымыз Саған жалбарына үн қатып, Сен көктен құлақ салдың. Өзіңнің ғаламат рақымыңмен оларға құтқарушыларды жіберіп, сол құтқарушылар оларды жауларының қолынан құтқарып алды. Мұнан кейін, Самуил пайғамбар келгенше, Құдай оларға төрт жүз елу жыл бойы билерді жіберіп отырды.
Выбор основного перевода