Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Исраилдіктер Жаратқан Иеге жек көрінішті іс-әрекет жасап, өз Құдайлары Жаратқан Иені естерінен шығарып, Бағал, Ашера есімді тәңірсымақтарға арналған мүсіндер мен бағаналарға табынып кетті. Ал кейінірек исраилдіктер қайтадан Жаратқан Иеге жек көрінішті іс-әрекет жасады. Олардың сондай зұлымдық істегендері үшін Жаратқан Ие Моаб патшасы Еглонға Исраилге қарсы шығуға күш-қуат берді. Ал Ехуд дүние салғаннан кейін исраилдіктер қайтадан Жаратқан Иеге жек көрінішті іс-әрекет жасады. Ал исраилдіктер қайтадан Жаратқан Иеге жек көрінішті іс-әрекет жасады. Содан Жаратқан Ие оларды жеті жылға Мадиян халқының қолына тапсырды. Сол түні Жаратқан Ие Гедеонға былай деп бұйырды: «Әкеңнің табынынан жеті жасар екінші бұқаны ал. Әкеңнің Бағалға арнаған құрбандық орнын қиратып, оның жанындағы Ашераға бағышталған бағананың түбіне де балта шап! Гедеон қайтыс бола салысымен, исраилдіктер қайтадан азғындап, жалған тәңір Бағалдың мүсіндеріне табынып, Бағал-Берітті өздері құлшылық ететін тәңірлері деп бекітті. Бұдан кейін исраилдіктер қайтадан Жаратқан Иеге жек көрінішті іс-әрекет жасап Бағал, Астарта тәңірсымақтарға табынып кетті, әрі Арама, Сидон, Моаб, Аммон, філістір халықтары табынатын жалған тәңірлерге де құлшылық етіп жүрді. Содан исраилдіктер Жаратқан Иеден мүлдем бас тартып, Оған еш ғибадат етпейтін болды. Исраилдіктер қайтадан Жаратқан Иеге жек көрінішті іс-әрекет жасады. Содан Ол халықты қырық жыл бойы філістірлердің қолына табыстады.
Выбор основного перевода