Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Бесінші жеребе әулеттері бойынша Ашир руына түсті. Оның жеріне Хелқат, Хали, Бетен, Ахшап, Аламәлік, Амад, Мишал кіреді. Батыс шекарасы Қармил тауы мен Шихор-Либнатпен жанасып, содан шығысқа қарай бұрылып Бет-Дагонға дейін жетеді де, Забулонның жерімен солтүстікте орналасқан Ифтах-Ел аңғарында шектесіп, Бет-Емек пен Неиелмен де жанасады. Бұдан кейін шекара Қабулдың сол жағымен өтіп, Еброн, Рехоб, Хаммон, Қанахқа және үлкен Сидон қаласына қарай жалғаса береді. Содан соң шекара Рамаққа қарай кері бұрылып, бекіністі Тир қаласына жетіп, Хосаға қарай бұрылады да, Ахзибтың маңайында теңізге келіп тіреледі. Аширдің жеріне тағы Умма, Әфек, Рехоб — барлығы жиырма екі қала әрі оларға қарасты елді мекендер кіреді. Бұдан кейін исраилдіктер қайтадан Жаратқан Иеге жек көрінішті іс-әрекет жасап Бағал, Астарта тәңірсымақтарға табынып кетті, әрі Арама, Сидон, Моаб, Аммон, філістір халықтары табынатын жалған тәңірлерге де құлшылық етіп жүрді. Содан исраилдіктер Жаратқан Иеден мүлдем бас тартып, Оған еш ғибадат етпейтін болды.
Выбор основного перевода