Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Бұдан кейін Ешуа Исраилдің бүкіл жасағын бастап Еглоннан Хебронға өрлеп барып, сол қалаға да шабуыл жасап, ие болды. Олар оның патшасын да, қаланың өзіндегі және оған қарасты елді мекендердегі адамдарды да семсердің жүзімен қырып-жойды. Ешуа Еглонда істегеніндей, Хебронда да бірде-бір тірі жан қалдырмай, барлығын да жойып жіберді. Содан соң Ешуа Исраилдің бүкіл жасағын ертіп, артқа бұрылды да, Дебир қаласына жетіп, оған шабуыл жасады. Олар қаланы оған қарасты қалаларымен қоса иемденіп алды да, Дебирдің патшасын қолға түсіріп, барлық тұрғындарын бірде-бір тірі жан қалдырмастан семсердің жүзімен қырып-жойды. Ешуа Хеброн мен Либнаны патшаларымен қоса қалай жойған болса, Дебирді де патшасымен қоса дәл солай жойып жіберді. Ешуа Жаратқан Иенің өзіне берген бұйрығы бойынша Ефунне ұлы Халепке Яһуда руының жерінен жеке үлес берді. Атап айтқанда, оған Кирият-Арбаны, яғни Хебронды, белгіледі. Қаланың атындағы Арба деген есім алып Анақтың атасын білдірген. Халеп (әулетінің ер адамдарын ертіп) Хеброннан Анақтың Шешай, Ахиман, Талмай есімді үш алып ұрпағын қуып шықты. Сол жақтан ол Дебир қаласының тұрғындарына қарсы өрлеп аттанды. Дебир бұрынырақ Кирият-Сефер деп аталатын. Халеп: «Кирият-Сеферге шабуыл жасап, оны иемденіп алған адамға мен қызым Ахсаны қосамын», — деп уәде етті. Халептің інісі, Кеназдың ұлы Отниел сол қаланы иемденіп алды. Содан Халеп Отниелге қызы Ахсаны қосты. Оған ұзатылар кезде Ахса Отниелді қайын атасынан егістік жер сұрап алуға көндірді. Мұнан кейін қызы келіп, есегінен түсіп жатқанда, Халеп оған:— Қандай бұйымтайың бар? — деді. Қызы:— Бір айрықша жақсылық жасай көріңізші. Маған оңтүстіктегі сусыз даланы сыйлап отырсыз. Енді соған қоса су көздерін де берсеңіз екен, — деп өтінді. Сонда Халеп Ахсаға Жоғарғы және Төменгі деп аталатын су көздерін де сыйлады. Жіберілгендер елге өрлеп барып, оны Сін атты елсіз даладан бастап (солтүстіктегі) Лебо-Хаматқа қарай баратын жолдағы Рехоб аймағына дейін шарлап, барлап шықты. Хеброн қаласы бұрын Анақ ұрпақтарының ішіндегі Арба деген ең алып адамның атымен Кирият-Арба деп аталатын.Осылайша соғыс бітіп, елде тыныштық орнады.
Выбор основного перевода