Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Тек Ефунне ұлы Халеп қана сол елді көреді. Оның аяқ басқан жерін өзіне және кейінгі ұрпақтарына табыстаймын. Себебі ол Маған, Жаратқан Иеге, толығымен мойынсұнды». Сондықтан да сол күні Мұса маған мынадай уәде еткен еді: «Сен Құдайым Жаратқан Иеге толықтай сенімді болғандығыңнан, сенің аяқ басып келген жерің өзіңнің және ұрпақтарыңның тұрақты меншігі болады». Сонда Ешуа Ефунне ұлы Халепке батасын беріп, оған мұралық меншік ретінде Хеброн қаласын табыстады. Ешуа Жаратқан Иенің өзіне берген бұйрығы бойынша Ефунне ұлы Халепке Яһуда руының жерінен жеке үлес берді. Атап айтқанда, оған Кирият-Арбаны, яғни Хебронды, белгіледі. Қаланың атындағы Арба деген есім алып Анақтың атасын білдірген. Халеп (әулетінің ер адамдарын ертіп) Хеброннан Анақтың Шешай, Ахиман, Талмай есімді үш алып ұрпағын қуып шықты. Олар Хебронда тұратын қанахандықтармен де шайқасып, Шешай, Ахиман және Талмайды жеңді. Хебронның бұрынғы аты Кирият-Арба болатын.
Выбор основного перевода