Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Екінші жеребе әулеттері бойынша Шимон руына түсті. Бұл руға үлестірілген мұралық жер Яһуда руының жерінің ішінде жататын болды. Шимон руына мұралық жер Яһуда руының үлесінен берілді, себебі Яһуданың үлесі өздері үшін тым үлкен болатын. Сондықтан Шимонның ұрпақтарына мұралық жер Яһуданың үлесінің ішінен берілді. Яһудилер ағайындары шимондықтармен бірге аттанып, Сефаттағы қанахандықтарға шабуыл жасап, қаланы толығымен жойылуға бағыштады. Мұнан кейін қаланың аты Хорма (демек, Бағышталған) деп аталып кетті.
Выбор основного перевода