Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Сонда да Жаратқан Ие сендерге осы күнге дейін (Өзінің еркін) ұғатын ақыл-сана, (шындығын) көретін көз, (айтқандарын) тыңдайтын құлақ сыйлаған емес. Сонда Тәңір Ие маған былай деп бұйырды:— Осы халыққа барып, мына хабарды жеткіз: «Естіп тұрыңдар, бәрібір түсінбейсіңдер, көріп тұрыңдар, бәрібір аңғармайсыңдар!» Себебі Жаратқан Ие сендерге терең ұйқыға кетіретін рухты дарытты. Ол көздеріңді жапқан іспетті, сендердің пайғамбарларыңды шындықты көрмейтін етті, әрі бастарыңды бүркеген сияқты, оларға көрініс пен аян көрсетпей қойды. Мен бұларға астарлап айтамын, өйткені олар көріп тұрса да, шынымен көрмейді, естіп тұрса да, шынымен естімейді де, түсінбейді де. Осылайша Ишая пайғамбардың алдын ала айтқан мына тәрізді сөздері олардың өмірінде жүзеге асады: Естисіңдер, бәрібір түсінбейсіңдер, көресіңдер, бәрібір аңғармайсыңдар! Осылайша олар көріп тұрсын, алайда аңғармасын, естіп тұрсын, алайда түсінбесін. Әйтпесе олар теріс жолдарынан қайтып, күнәлары кешірілер еді. Иса оларға жауап беріп былай деді:— Құдай өз Патшалығы туралы сырларды білуді сендерге бұйырған. Бірақ басқаларға олар астарлы әңгімелер арқылы айтылады. Осылайша олар көріп тұрса да, шынымен көрмесін, естіп тұрса да, бәрібір түсінбесін. Ол көздерін соқыр, жүректерін қасарысқан сезімсіз қылған. Сол себептен көздері көрмейді, жүректері түсінбейді, өздері теріс жолдарынан қайтпайды. Әйтпесе оларды рухани дертінен сауықтырар едім.
Выбор основного перевода