Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Құтқару Сионнан келсе екен Исраилге!Жаратқан өз халқын тұтқыннан азат еткенде,Жақыптың үрім-бұтағы қатты қуанады,Иә, Исраил халқы шат-шадыман болады! Сол арқылы Жақыптың үрім-бұтағының күнәлары құны өтеліп кешіріледі. Ал олар өздерінің күнә жасауды доғарғандарын көрсетулері керек! Халық жалған тәңірлерге құрбандық ұсынылатын орындардың тастарын әктастай ұнтақтап жоймақ. Сонымен қатар не әйел тәңір Ашераға арналған ағаш бағаналары, не жалған тәңірлерге арналған түтету үстелдері қалмауға тиіс! «Сион қаласына және Жақыптың үрім-бұтағының теріс жолдан қайтқандарына оларды құтқаратын Қамқоршы келеді! — деп жариялайды Жаратқан Ие. — Сонда олармен мынадай Келісім жасайтын боламын: Мен өздеріңе қондырған Рухым сендерден алшақ кетпейді, ауыздарыңа салған сөздерім де сендерде сақталады. Олар өз ауыздарыңнан және балаларың мен кейінгі ұрпақтарыңның ауыздарынан бұдан былай мәңгі түспейді». — Жаратқан Ие осыны нық айтады. Сендерге шындығын айтайын: бұдан былай, «Жаратқанның атынан келе жатқан (Патша) жарылқанған!» деп шақырған уақыттарыңа дейін, Мені қайтып көрмейсіңдер.
Выбор основного перевода