Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Алайда сендердің Құдайларың Жаратқан Ие оларды алдарыңнан қуып шығарғаннан кейін сендер іштей: «Жаратқан Ие мені осы елді иемденуге өз әділдігіме бола алып келді» деп бөсуші болмаңдар! Жоқ, Жаратқан Ие сол халықтарды олардың асқан зұлымдықтарына бола алдарыңнан қуып шығармақ. Мысалы, егер біреу еңбек етсе, онда ол жалақыны сый ретінде емес, тиісті ақы ретінде алады. Ал егер адам Құдай алдында ақталу үшін өзінің игі істеріне сүйенбей, күнәкарды кешіретін рақымды Құдайға сенімін артса, онда ол осы сенімінің арқасында ақталады. Себебі егер мұрагерлік Таурат заңына байланысты болса, онда ол уәде арқылы берілмес еді. Алайда Құдай мұраны Ыбырайымға рақыммен уәде етті. Осы заңды ұстану арқылы ақталуға тырыссаңдар, онда Мәсіхпен байланыстарың үзілді! Сендер Құдайдың рақымынан ада болдыңдар!
Выбор основного перевода