Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Бұл халықты Жаратқан Ие жемістері жақсы піскен, жапырағы жайқалған зәйтүн ағашы дейтін еді. Бірақ енді Ол гуілдеген бір сұрапыл дауылды жіберіп, өртті қоздырып тұтатады! Сонда ағаштың бұтақтары өртеніп, сынып қалады. «Мен, Әлемнің Иесі, сендерді елде сеуіп отырғызған едім, ал енді бастарыңа апат бұйырдым. Себебі Исраилдің де, Яһуданың да халқы зұлым істер істеп, жалған тәңір Бағалға арнап хош иісті зат түтетіп әрі құрбандықтар ұсынып келеді. Сөйтіп сендер Менің қаһарымды туғыздыңдар!» Сондықтан естеріңде болсын: сендер басқа ұлттық болып тудыңдар, тәнінен ет кесіліп сүндеттелген яһудилер өздеріңді «сүндеттелмеген құдайсыздар» деуші еді. Ол кезде сендер Мәсіхтен мүлдем алшақ болып, Исраил халқынан тыс және Құдайдың Келісімдерінде берген уәделерінен шет қалдыңдар. Құдайды танымай, үмітсіз өмір кештіңдер. Алайда Иса Мәсіхтің қанын төгіп, құрбан болғандығы арқылы бұрын алшақ жүрген сендер енді Құдайға жақындадыңдар. Мәсіх — татулығымыздың Бастауы: Ол екі топқа бөліп тұрған қабырғадай өштестікті жойып, алып тастап, екі жағын біріктірді. Мәсіх өз денесін біз үшін құрбан еткенде, Таураттың өсиеттері мен ережелерін (орындауды құтқарылу жолы ретінде) күшінен айырды. Осылай Ол яһуди және басқа ұлттық сенушілерді Өзімен байланысқан бір жаңа халық етіп қайта жасап, өзара татуластырды. Мәсіх айқыштағы құрбандығымен екеуінің өштестігін жойып, бір рухани дене (біртұтас қауым) болып біріккен екеуін Құдаймен татуластырды. Сөйтіп Ол келіп, Құдайдан алшақ жүрген сендерге және жақынырақ тұрған біздерге татулық туралы Ізгі хабарды жариялады: екі жағымызға да Мәсіх арқылы бір Киелі Рухтың арқасында Құдай Әкеге сиынуға жол ашылды. Сонымен сендер енді не бөтен, не келімсек сияқты емес, Құдайдың халқы болып келген яһуди сенушілерімен бірдей, сол халықтың азаматысыңдар, тіпті «Құдайдың отбасысының мүшелерісіңдер»!
Выбор основного перевода