Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол кезде Жаратқан Ие Ыбыраммен Келісім жасап:— Мен сенің үрім-бұтағыңа Мысырдың шетіндегі өзеннен бастап үлкен өзен — Евфратқа дейін жайылған осы елді беремін. сол елде жат жұрттық болып тұра бер! Саған жар болып, батамды қондырамын. Сенің ұрпақтарыңа осы жерлердің бәрін табыстап, әкең Ыбырайымға берген антымды жүзеге асырамын. Қызметшілерің Ыбырайым, Ысқақ, Исраилді есіңе түсіре гөр. Оларға: «Сендердің ұрпақтарыңды аспандағы жұлдыздардай сансыз көбейтіп, Өзім беруге уәде еткен осы жерді сыйлаймын, олар соны мәңгі иемденетін болады» деп өз атыңмен ант берген едің ғой. Оларға тағы былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Мен Исраилді ежелде таңдап алған күні салтанатты түрде Жақыптың үрім-бұтағына серт бердім. Оларға Өзімді Мысырда аян еткенімде: «Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін!» деп салтанатты түрде ант еттім. Сол күні Мен оларға өздерін Мысырдан бастап алып шығып, елдердің ішіндегі ең көріктісі — ағы мен балы ағыл-тегіл елге әкелуге уәде бердім. Сол елді Мен Өзім олар үшін қарап таңдап алған едім. Өздеріңді ата-бабаларыңа беруге салтанатты түрде уәде еткен елге, яғни Исраил еліне, қайтарып алып келемін. Сонда сендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар.
Выбор основного перевода