Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
(Діни қызметкер) Һарон ұлы Елазар дүние салғанда оның мәйіті өзінің ұлы Пінехеске Ефремнің таулы аймағынан белгіленген қыраттағы қабірге қойылды. Мұны діни қызметкер Елазардың ұлы, Һаронның немересі Пінехес көрді. Ол жамағаттың ортасынан шықты да, қолына найзасын алды. Пінехес исраилдік ер адам мен сол әйелдің артынан шатырға кіріп, екеуіне де найзасын сұғып алды. Найза еркекті тесіп өтіп, әйелдің ішіне қадалды. Осылай Пінехес исраилдіктердің басына түскен індеттің бетін әрі қайырды. Ал індеттен қаза тапқандардың саны жиырма төрт мыңға жеткен еді. Сонда Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді: «Діни қызметкер Елазардың ұлы, Һаронның немересі Пінехес Менің исраилдіктерге деген қаһарымды басты. Ол солардың арасында Менің абыройымды Өзім іспетті жан сала құлшына қорғады. Сол себепті Мен Исраил халқының бәрін бірдей қаһарыммен қырып тауысқан жоқпын. Ал Пінехес тұрып, зұлымдыққа қарсы шықты,Індеттің апаты осылайша тиылды.
Выбор основного перевода