Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол кездері Леуі руынан шыққан бір адам өз руынан әйел алады. Сол әйел жүкті болып, ұл туады. Сәбидің ерекше әдемі екенін көрген шешесі оны үш ай бойы жасырып бағады. Ымрамның әйелінің есімі Иохебед болатын, ол да Мысыр елінде туған леуілік әйел еді. Ымрам мен Иохебедтің Һарон, Мұса мен Мәриям есімді екі ұл, бір қызы болды. Ымрамның Һарон мен Мұса есімді ұлдары болды. Һарон және одан тарайтын ұрпақтардың барлығы мына міндеттерді атқаруға тағайындалған болатын: киелі орынның бұйымдарын Құдайдың қызметіне ерекше бағыштау, Жаратқан Иеге арнап құрбандықтар шалып, өртеп ұсыну, киелі үйдің өзге де қызметтерін жүргізу және Жаратқан Иенің атымен халыққа бата беру. Құдайдың пайғамбары Мұсаның ұлдары мен олардан тараған ұрпақтар Леуі руымен бірге саналатын.
Выбор основного перевода