Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Өзің ең таңдаулы хош иісті мына нәрселерді: сұйық мүр шайырынан бес жүз мысқал, жұпар иісті дәмқабық пен хош иісті қамыс тамырының өзегін екі жүз елу мысқалдан, яғни мүр шайырының жарты мөлшерінен, дайындап ал. Бұларға дәмқабық ағашының кептірілген гүлдерінен бес жүз мысқал да қос. Осы мөлшерлер киелі орында қолданылатын ресми өлшем бойынша болсын. Және он бес қадақ зәйтүн майын да ал. Киелі шатырдағы қызметке кіріскен кезде адамдар мен заттарға май жағу рәсімін жасау үшін арнайы шеберлер бұл заттарды келіде түйіп, араластырып, хош иісті май қоспасын дайындасын. Жаратқан Ие Мұсаға тағы мынаны бұйырды:— Әрқайсысынан бірдей мөлшерде етіп мынадай хош иісті заттарды дайындап ал: жұпар иісті шайыр тамшылары, қабыршақ, халбан шайыры, хош иісті дәмдеуіштер және таза ладан шайыры. Осы хош иісті заттардың әрбіреуінен бірдей мөлшерде ал. Арнайы шеберлерге солардан жұпар иісті түтету қоспасын жасат: ол тұзбен араластырылып, таза да киелі болсын.
Выбор основного перевода