Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Хош иісті заттарды өртеп түтету үшін аққараған ағашынан арнайы үстел жасат. Ол төрт бұрышты, ұзындығы мен ені бір, биіктігі екі шынтақтан болсын, әрі (төрт бұрышының үстіңгі жағынан) мүйіз сияқты шығып тұрған шошақтарымен біртұтас жасалсын. Үстелдің бетін, бүкіл жақтаулары мен шошақтарын да саф алтынмен қаптатып, бетін айналдыра алтын ернеумен жиектет. Ернеудің астына, үстелдің қарама-қарсы екі жағына екі-екіден алтын шығыршықтар орнат. Соларға үстелді көтеріп алып жүретін сырықтарды кіргізу керек. Сырықтар аққарағаннан жасалып, алтынмен қапталсын.
Выбор основного перевода