Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Аққараған ағашынан үстел жасат, ұзындығы екі, ені бір, биіктігі бір жарым шынтақ болсын. Үстел саф алтынмен қапталып, жақтауы айналдыра алтынмен қапталсын. Үстелдің бетін айналдыра төрт елі бойы ернеумен жиектетіп, соны да алтынмен қаптат. Төрт алтын шығыршық құйдырып жасатып, оларды үстелдің аяқтары орнатылған төрт бұрышына бекіттір. Үстелді көтеріп жүруге арналған сырықтар өткізілетін осы шығыршықтар ернеу жиегіне жақын орнатылсын. Сырықтарды аққарағаннан жасатып, алтынмен қаптат. Үстелді көтеріп жүруге арналған сырықтар өткізілетін осы шығыршықтар ернеу жиегіне жақын орнатылсын. Сырықтарды аққарағаннан жасатып, алтынмен қаптат. Үстелдің аяқ-табақтары мен табаларын және құйылып ұсынылатын сұйық тартуларға арналған құмыралары мен тостағандарын саф алтыннан жасат.
Выбор основного перевода