Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Исраилдің үрім-бұтағына былай де: Олар Маған сый-тартулар бағыштап ұсынсын. Шын жүрегімен ниеттенген әрбір адамнан өзінің Маған арнаған тарту-таралғысын қабылдап алыңдар. Олардан қабылдайтындарың мыналар болсын: алтын, күміс, қола, иірілген қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн жіптер және жіңішке иірілген зығыр жіптер, ешкінің түбіті, қызыл түске боялған қошқар терілері, борсық терілері, аққараған ағашы, май шамға қажетті зәйтүн майы, май жағу рәсімінде қолданылатын (майға қосылуға) немесе түтетілуге арналған хош иісті заттар, сондай-ақ бас діни қызметкердің жеңсіз сырт киіміне және төс қалтасына тағылатын оникс пен тағы басқа да асыл тастар.
Выбор основного перевода