Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Аққараған ағашынан сандық жасат. Ұзындығы екі жарым, ал ені мен биіктігі бір жарым шынтақтан болсын. Іші-сырты саф алтынмен қапталып, жоғарғы ернеуі айналдыра алтынмен әшекейленіп жиектелсін. Сандық үшін төрт алтын шығыршық құйғызып, төменгі төрт бұрышына, екеуін бір жақ бүйіріне, қалған екеуін қарама-қарсы бүйіріне бекіттір. Қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке иірілген зығыр жіптерден (ішкі) шымылдық тоқытып, бетіне керубтердің бейнелерін шебер кестелет. Аққарағаннан төрт бағана жасалып, алтынмен қапталып, оларға алтын ілгіштер орнатылсын. Бағаналар төрт күміс тағанға бекітіліп тұрғызылсын. Шымылдықты бағаналардағы алтын ілгіштерге ілгізіп қой. Шымылдық ілінген соң оның ішкі жағына Келісім сандығы кіргізіліп қойылсын. Осылай шымылдық сендер үшін қасиетті бөлмені ең қасиетті бөлмеден ажыратып бөліп тұратын болады.
Выбор основного перевода