Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Шалынған құрбандықтарды түгелдей өртейтін үстелді аққарағаннан жасат. Ол төрт бұрышты, ұзындығы мен ені бес, биіктігі үш шынтақтан болсын. Оның төрт бұрышынан шығып тұрған мүйіз тәрізді төрт шошақ құрбандық үстелімен біртұтас жасалсын. Үстел қоламен қапталсын. Үстелдің мына құрал-саймандарының бәрін қоладан жасат: күлсалғыштар мен қалақтар, (қан бүркуге арналған) тостағандар, шанышқылар және шоқ салатын табалар. Отқа арналған торды да қоладан жасат. Оның төрт бұрышында төрт қола шығыршығы болсын. Торды үстелдің төрт қабырғасының ортасына дейін жететіндей етіп, ішкі жағынан, астынан орналастырт. Отқа арналған торды да қоладан жасат. Оның төрт бұрышында төрт қола шығыршығы болсын. Торды үстелдің төрт қабырғасының ортасына дейін жететіндей етіп, ішкі жағынан, астынан орналастырт. Үстелге арнап аққарағаннан қоламен қапталған сырықтар жасат. Олар сол шығыршықтарға кіргізіліп, құрбандық үстелін көтеріп алып жүрген кезде оның екі бүйірінде болмақ. Сонымен құрбандық үстелін қоламен қапталған тақтайлардан, оның ішін қуыс етіп жасат. Ол өзіңе осы тау басында көрсетілген үлгіге сай жасалуға тиіс. — Жуыну рәсімі үшін қоладан қазан жасатып, қола тұғырға орнатқыз. Қазанды кездесу шатыры мен құрбандық үстелінің екі ортасына қойып, ішін суға толтырт. Осы сумен Һарон мен ұлдары аяқ-қолдарын жуып тазартсын. Олар кездесу шатырына кіргенде немесе құрбандық үстелінің жанына жақындап, Жаратқан Иеге арналған тартуларды өртеп ұсыну қызметін атқарғанда өліп қалмаулары үшін, алдымен осы тазару рәсімін орындасын! Олар аяқ-қолдарын жуып тазартуға тиіс. Егер олай етпесе, өлім құшады. Бұл — Һарон мен оның келер ұрпақтарына арналған тұрақты ереже.
Выбор основного перевода