Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие исраилдіктерге жол көрсетіп, күндіз бағана тәрізді бұлт ішінде, ал түнде жолдарына жарық түсіріп, жалындаған от бағанасының ішінде алдарында жүріп отырды. Осылайша олар күні-түні жол жүре алды. Сол жерден, Келісім сандығы қақпағының үстіндегі екі керуб мүсіндерінің ортасынан Мен саған тіл қатып, Исраилдің үрім-бұтағына сен арқылы бұйыратын ережелерімнің бәрін тапсырамын. Жаратқан Ие Синай тауының басында Мұсаға арнаған сөзін бітіргеннен кейін оған өз қолымен Келісімнің ережелерін жазған екі тас тақташаны табыс етті. Бұлт бағанасынан Ол сөзін жолдады,Ережелер мен жарлығын жариялады,Ал халық соларды сақтап орындады.
Выбор основного перевода