Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:— Тезірек төмен түс! Сен Мысырдан бастап алып шыққан халқың азғындыққа салынды! Қызметшілерің Ыбырайым, Ысқақ, Исраилді есіңе түсіре гөр. Оларға: «Сендердің ұрпақтарыңды аспандағы жұлдыздардай сансыз көбейтіп, Өзім беруге уәде еткен осы жерді сыйлаймын, олар соны мәңгі иемденетін болады» деп өз атыңмен ант берген едің ғой. Ал Жаратқан Ие Ыбырамға аян беріп: «Мен сенің ұрпақтарыңа осы жерді сыйлаймын», — деп уәде етті. Ыбырам сол жерде өзіне аян берген Жаратқан Иеге арнап құрбандық ұсынатын орын тұрғызды. Ыбырайым мен Ысқаққа беруге уәде еткен елді Мен саған да, кейінгі ұрпақтарыңа да беремін», — деді.
Выбор основного перевода