Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жақып осы жерді «Пенуел» («Құдайдың бет-жүзі») деп атап, «Мен Құдаймен бетпе-бет кездестім, сонда да жаным аман қалды», — деді. Исраилдің сиынатын Құдайының аянын көрді. Оның табанының асты аспандай мөлдір, жарқылдаған саф көк асыл тас төселген алаңға ұқсады. әйеліне:— Біз Құдайды көрген екенбіз, енді құритын шығармыз! — деді. Сонда мен дауыстап: «Қасіретке қалдым-ау, енді құритын болдым! Себебі мен күнәкармын, аузымнан шыққан сөздерім арам, әрі сөйлеген сөздері арам халықтың арасында тұрып жатырмын. Сонда да мен Патшаны, Әлемнің Иесін, өз көзіммен көрдім!» — дедім. Оның оң қолында ұстаған жеті жұлдызы бар екен. Аузынан екі жүзі де өткір семсер шығып, беті тал түстегі күндей нұрын төгіп тұрды.
Выбор основного перевода