Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Әрбір сүндеттелмеген еркек кіндіктіні өз халқынан аластату керек, өйткені ол Менің Келісімімді бұзды. Жеті күн бойы ашытқысыз пісірілген нан жеңдер. Алғашқы күні-ақ үйлеріңнен ашытқы атаулыны шығарып тастаңдар. Осы апта ішінде ашытқымен дайындалған тамақ ішкен әркім Исраил халқының арасынан аластатылуға тиіс. Кімде-кім өзі үшін түтетуге осындай қоспаны жасаса, сол халқының арасынан аластатылуға тиіс. Ал егер арамданған біреу Жаратқан Иемен қарым-қатынасқа ризашылық білдірген құрбандықтың етін жесе, ондай адам халқының арасынан аластатылсын! Ол Жаратқан Иеге арналған етті тазару рәсімінен өтпеген арам күйінде жеді ғой. Сондай-ақ, егер біреу не адамның денесінен бөлініп оны арамдайтын былғанышқа, не арам хайуанға, не кез келген арам да жиренішті басқа бір затқа жанасқан соң Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылық білдіріп, Оған арналған құрбандықтың етін тазару рәсімінен өтпеген арам күйінде жесе, сондай кісі де халқының арасынан аластатылсын!
Выбор основного перевода