Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Беселиел шеберлерге ақ қараған ағашынан хош иісті заттарды түтету үстелін де жасатты. Ол төрт бұрышты, ұзындығы мен ені бір, биіктігі екі шынтақтан болды. Үстел (үстіңгі жағындағы төрт бұрышынан) мүйіз сияқты шығып тұрған шошақтарымен біртұтас жасалды. Қолында хош иісті заттарды түтетуге арналған алтын табасы бар өзге бір періште келіп, түтету үстелінің жанына тұрды. Оған молынан хош иісті заттар берілді. Ол соларды Құдайдың бүкіл халқының айтқан мінажаттарымен бірге тақтың алдындағы алтын жалатқан түтету үстеліне Тәңір Иеге бағыштап қоюға тиіс еді.
Выбор основного перевода