Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Иеге тербеп ұсынылған тартулардан киелі шатырдың күллі жұмыстарына жұмсалған алтынның барлық мөлшері жиырма тоғыз ат басындай және жеті жүз отыз ресми мысқал болды. — Егер бір адам Жаратқан Иеге бағышталған киелі нәрселерге қатысты абайсызда теріс қылық жасап күнәлі болса, ол соның айыбын өтейтін құрбандыққа Жаратқан Иеге арнап отардан бір қошқар алып келсін. Қошқар еш мінсіз болып, құны киелі үйде қолданылатын ресми өлшем бойынша белгіленген күміс мысқалға сәйкес келсін. Бұл — айыпты өтейтін құрбандық. Осындай істерде құн киелі орында қолданылатын ресми өлшем бойынша мысқалмен есептелінеді. Ал бір мысқалдың салмағы жиырма гераһқа тең. олардың әрқайсысы үшін бес мысқал күмістен қабылдап ал. Мұндағы мысқал — салмағы жиырма гераһтан тұратын киелі орында қолданылатын ресми өлшем. Ал өтем құны мынау: бір айлық ұл бала немесе төл үшін бес күміс мысқал. Мұндағы мысқал — салмағы жиырма гераһтан тұратын киелі орында қолданылатын ресми өлшем. Салмақтың бекітілген өлшемі мысқал болсын. Бір мысқалда жиырма гераһ болсын, әрі алпыс мысқал бір минаны құрасын». Олар Қапарнаумға келгенде, ғибадатхана үшін садақа ақшасын жинайтындар Петірге келіп:— Ұстаздарың ғибадатхана садақасын төлемей ме? — деп сұрады. Ол:
Выбор основного перевода