Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Беселиел аққарағаннан ұзындығы екі, ені бір, биіктігі бір жарым шынтақ үстел де жасатты. Ол саф алтынмен қапталып, жақтауы айналдыра алтынмен қапталды. Шеберлер үстелдің бетін айналдыра төрт елі бойы ернеумен жиектеп, соны да алтынмен қаптады. Мұнан кейін олар төрт алтын шығыршық құйып жасап, оларды үстелдің аяқтары орнатылған төрт бұрышына бекітті. Үстелді көтеріп алып жүруге арналған сырықтар өткізілетін осы шығыршықтар ернеу жиегіне жақын орнатылды. Сырықтар аққарағаннан жасалып, алтынмен қапталды. Үстелді көтеріп алып жүруге арналған сырықтар өткізілетін осы шығыршықтар ернеу жиегіне жақын орнатылды. Сырықтар аққарағаннан жасалып, алтынмен қапталды. Үстелдің қажетті бұйымдары: аяқ-табақтары мен табалары және құйылып ұсынылатын сұйық тартуларға арналған құмыралары мен тостағандары саф алтыннан жасалды. Киелі шатыр тігіліп, оның «қасиетті бөлме» деп аталған алдыңғы бөлімінде шам қойғыш, үстел және соның үстінде сый-тарту ретінде ұсынылған нан тұратын.
Выбор основного перевода