Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Екі керуб мүсіні Келісім сандығы тұратын орынның үстінен қанаттарын жайып, Келісім сандығының өзін және оны көтеріп алып жүретін сырықтарын жауып тұрды. Дәуіт хош иісті заттарды түтетуге арналған алтын жалатқан түтету үстелін жасауға қажетті саф алтынның мөлшерін де анықтап қалдырды. Сол сияқты, ол «күйменің» жобасын да Сүлейменге табыстады. Осы «күйме» қанаттарын жайып Жаратқан Иенің Келісім сандығын жауып тұратын алтын керуб мүсіндерін білдіреді. Құдайдың салтанатты ұлылығы қонатын сол сандықтың үстінде керуб атты екі періштенің мүсіндері тұратын. Олардың жайылған қанаттары сандық қақпағын жауып тұрды. Сол қақпаққа халықтың күнәсінің құнын өтеу үшін жыл сайын шалынған құрбандықтың қаны бүркілетін. Алайда мұны қазір егжей-тегжейлі айтып жатудың қажеті жоқ.
Выбор основного перевода