Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қолдарыңда барларыңнан Жаратқан Иеге арнап тарту беріңдер. Оған шын жүректен сый-тарту ұсынғысы келетіндер мыналарды алып келсін: алтын, күміс және қола, Мұнан кейін шын жүректен, өз еркімен Жаратқан Иеге арнап сый-тартулар бергілері келген барлығы да соларын алып келді. Осылай олар Жаратқан Иемен кездесетін киелі шатырды тұрғызып, ондағы қызметтерге қажетті бұйымдар мен арнайы киімдерді жасауға керекті заттарды әкелді. Исраилдің барлық әйелдері мен ер адамдары Жаратқан Иенің Мұса арқылы істеуге тапсырған күллі жұмыстары үшін өз жүрек қалауларымен Жаратқан Иеге арнап ерікті сый-тартуларын алып келді. Халық өз басшыларының жомарттықпен сый-тартуларын бергендеріне қуанды. Олар бұларын ерікті түрде шын жүректен Жаратқан Иеге ұсынған болатын. Дәуіт патша да зор шаттыққа бөленді. Біреу беруге ынталы болса, Тәңір Ие оның тарту-таралғысын қолындағы жоғына емес, барына қарай ризашылықпен қабылдайды. Әрқайсың жүректеріңнің шешіміне сай, еш ренішсіз, зорлықсыз барларыңмен бөлісіңдер! Құдай қуанышпен беретіндерді ұнатады.
Выбор основного перевода