Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұл — келер ұрпақтарыңның да күн сайын шалып, өртеу арқылы жасауға тиісті құрбандығы. Оны Жаратқан Иенің алдында, кездесу шатырының кіреберісінің жанында ұсыныңдар. Осы жерде Мен сенімен кездесіп, саған тіл қатпақпын. Мен Исраил халқымен де осында кездесіп, бұл жерді ұлы салтанатыммен Өзіме бағыштап киелі етемін. Үстелді Келісім сандығының және оның үстіндегі қақпақтың қарсы алдындағы шымылдықтың алдына қойғыз. Сол жерде Мен сенімен кездесетін боламын. Түтету қоспасының біразын ұнтақтап, кездесу шатырының ішіне, Мен өзіңмен кездесіп, Саған сөзімді арнайтын орынға, яғни Келісім сандығының қарсы алдына, қой. Оны тек Маған ғана бағышталған ерекше киелі деп есептеңдер! былай деді:— Ағаң Һаронға мынаны ескерт: Һаронның шымылдықтың арт жағындағы ең қасиетті бөлменің ішіне және онда орналасқан Келісім сандығының үстіндегі қақпақтың алдына өзі қалаған кезінде келуіне болмайды. Әйтпесе ол өледі. Өйткені күнәнің арамдығынан тазару рәсімі орындалатын сол қақпақтың үстіндегі бұлт ішінде Мен боламын. Мұса Жаратқан Иемен тілдесу үшін кездесу шатырына барып, ішіне кіретін. Сонда ол Келісім сандығының қақпағының үстіңгі жағында орналасқан екі керуб мүсінінің арасынан өзіне арналған дауысты еститін. Осылай Жаратқан Ие Мұсаға сөзін арнайтын. Таяқтарды кездесу шатырында Өзім сендермен кездесетін орын — Келісімнің айғақтары (сақталған сандықтың) алдына қой. Уа, Исраилдің Бағушысы, құлақ түрші,Бейне қой отарындай жетелейсің Жүсіпті.Уа, керубтер арасында «тақта» Отырушы,Өзіңнің нұрлы салтанатыңды жайнатшы.
Выбор основного перевода