Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Перғауын жақындаған кезде исраилдіктер кері бұрылып қараса, соңдарынан қуған мысырлықтар келіп те қалыпты! Зәрелері ұшқан исраилдіктер айқайлап Жаратқан Иені шақырды. Сонда Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып мынаны айтты: «Біліп қойыңдар, Мен сендерге аспаннан нан жаудырамын. Күн сайын халық далаға шығып, бір күндік тамағын жинап алсын. Осылай Мен олар нұсқауымды орындап жүр ме, жоқ па, соны сынаймын. Мұса халыққа:— Қорықпаңдар! Құдай сендерді (Өзінің араларыңда болуына) үйрету үшін осында келді. Бұдан былай Оны әрдайым шын жүректен қастерлейтін болыңдар! Бұларың сендерді күнә жасаудан сақтайтын болады, — деді. Құдай Иеміздің осы қырық жыл бойы сендерді иен далада бастап алып жүрген жолын естеріңе түсіріңдер! Ол сендерді Өзіне мойынсұндыру үшін, әрі шынайы ниеттеріңнің қандай екенін: Оның өсиеттерін орындайсыңдар ма, жоқ па, соны білу үшін түрлі сынақтардан өткізді. Жаратқан Ие кейін игілікті өмір сүре алуларың үшін сендерді Өзіне мойынсұндыру әрі сынақтан өткізу мақсатымен ата-бабаларың татып көрмеген тәтті нанды (маннаны) сендерге айдалада тамақ етіп берді. Осылайша Мен арғы аталары істегендей, қазіргі ұрпақ та Жаратқан Иенің жолымен жүре ме деп тексеріп сынаймын». Исраилдіктердің Қанаханда бұрын жүргізген соғыстарының ешқайсысын көрмей өскен жаңа ұрпағын тексеріп, шайқасқа үйретіп, сынау үшін Жаратқан Ие бірнеше халықтарды осы елде қалдырды. Олар мыналар: Жаратқан Ие бұлардың ата-бабаларына Мұса арқылы берген өсиеттерін исраилдіктер орындай ма деп тексеріп сынау үшін осы халықтарды әдейі қалдырған болатын. Пайғамбар бұлақ көзіне барды да, оған сол тұзды тастап: «Жаратқан Ие мынаны айтады: Мен осы суды тазарттым. Бұдан былай ешқашан одан өлім де, құнарсыздық та болмайтын болады!» — деді. Бірақ пайғамбар: «Маған біраз ұн алып келіңдерші!» — деп тапсырды. Ол ұнды қазанға салып: «Енді адамдарға берсеңдер болады!» — деді. Сонда қазандағы удан ештеңе қалмады. Қиындық көргеніңде шақыр Мені,Сонда құтқарып аламын сені,Ал өзің мадақтайтын боласың Мені». Рақыммен халқыңды елде қоныстандырдың,Уа, Тәңірім, сол кедейлерді Сен қамқорладың. Қиын кезде айқайлап сиындыңдар Маған,Сонда сендерді азат етіп алдым аман.Күннің күркірінен сендерге құлақ салғам,Меріба сулары маңында сендерді сынағам.
Выбор основного перевода