Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Мен әкеңнің Құдайымын әрі Ыбырайым, Ысқақ және Жақыптың Құдайымын, — деді.Мұса Оған қарауға дәті бармай, бетін жауып алды. Құдай сөзін жалғап тағы былай деді: — Исраилдіктерге мынаны да айт: «Ата-бабаларыңның Құдайы, Ыбырайым, Ысқақ, Жақыптың сиынған Құдайы — Жаратқан Ие мені сендерге жіберіп отыр. Мәңгі бақи Менің атым осылай болмақ. Күллі келер ұрпақтар да Мені осы есіміммен естеріне сақтасын». Бар да, Исраилдің рубасыларын жинап алып, оларға былай де: «Ата-бабаларыңның Құдайы, Ыбырайым, Ысқақ, Жақыптың сиынған Құдайы — Жаратқан Ие маған аян беріп, мынаны айтты: Мен сендерді назарымда ұстап келемін, Мысыр елінде көрген жәбірлеріңді түгел білемін. Жаратқан тірі! Құздай қорғаушым мақталсын,Құтқарушы Құдайым лайым даңқталсын! Сен менің күш-қуатымның қайнарысың,Өзіңе мадақтау жырымды арнаймын.Себебі, уа, Құдай, Сен қорғанымсың,Мейірімін төгетін Құдайымсың. Мақтау айтыңдар Иеміз — Құдайға:Ол киелі! «Табан тіренішінің» алдындаБас иіп ғибадат етіңдер Құдайға! Күш-қуатым әрі жырым — Жаратқаным,Ол болды, міне, менің Құтқарушым. Сөз жоқ, тек Құдай менің Құтқарушым!Оған сеніп, қорықпаймын да енді,Жаратқан Ие — күш-қуатымның көзі,Айтатын жырым Тәңір Ием жайлы,Ол адал Құтқарушым болып келеді!»
Выбор основного перевода