Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол кезде Дебора есімді пайғамбар әйел Исраил халқына билік айтатын. Оның күйеуінің есімі Лапидот болатын. Ефтах өзінің Миспадағы үй-жайына келгенде, оның алдынан даңғыраны сыңғырлатып, би билеп өз қызы шыға келді! Ол Ефтахтың жалғыз баласы еді, одан басқа Ефтахтың ұлы да, қызы да жоқ болатын. Ымрамның әйелінің есімі Иохебед болатын, ол да Мысыр елінде туған леуілік әйел еді. Ымрам мен Иохебедтің Һарон, Мұса мен Мәриям есімді екі ұл, бір қызы болды. Дәуіт філістірдің көзін құртып, бүкіл жасақ елге қайтып келе жатқанда, Саул патшаны қарсы алу үшін Исраилдің барлық қалаларынан әйелдер алдарынан шықты. Олар ән айтып, би билеп, даңғыраларда ойнап, қуана әндетіп, үш ішекті аспаптарды шертіп ойнап жүрді. Қайғымды шаттық биімен алмастырдың,Азалы киімімді шешіп тастадың,Ерен қуанышқа мені бөледің. Әншілер жүр алдында, аспапшылар соңында,Даңғыра ойнаған қыздар араларында: Мадақтаңдар Оны даңғырамен, билеріңмен,Мадақтаңдар Оны қобызбен, сыбызғымен!
Выбор основного перевода