Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Перғауын:— Ертең, — деп шешті. Мұса:— Айтқаныңыздай болады. Құдайымыз Жаратқан Иеге тең келетін ешкімнің жоқ екенін осыдан білетін боласыз! «Уа, Жаратушы Тәңір Ием! Сен мендей қызметшіңе зор ұлылығың мен құдіретіңді көрсете бастадың. Өйткені Сенің істегеніңдей құдіретті іс-әрекеттер істей алатын қандай тәңір не аспанда, не жерде бар еді? Сен қандай ұлысың, уа, Жаратушы Тәңір Ием! Өз құлақтарымызбен естіген барлық хабарымыз бойынша Саған тең келетін ешкім де жоқ, Сенен басқа құдай да жоқ. «Уа, Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие! Жоғарыдағы көкте де, төмендегі жерде де Сен сияқты ешбір құдай жоқ! Жасаған Келісіміңе адалсың, шын жүректен тура жолыңмен жүрген қызметшілеріңе рақымың мол. «Ей, Жаратқанды терең қастерлейтіндер,Оны әрдайым мадақтай беріңдер!Ей, Жақыптың бүкіл үрім-бұтағы,Жаратқанды ұдайы дәріптеңдер,Иә, Исраилдің бар ұрпақтары,Иемізді құрметтей беріңдер! Лайым мадақталсын Исраил сиынатын Құдай,Тек Жаратқан Ие — керемет жасайтын Құдай! Сен кереметтер жасайтын Құдайсың,Халықтарға күш-қуатыңды таныттың, Уа, Ием, ұлттардың табынатын тәңірлеріАрасында жоқ Сендей бірде-біреуі!Сенің жасаған кереметтерің іспеттіЖоқ басқа ешкімнің де ғажайып істері. Жалындаған періштелер бір-біріне дауыстап: «Әлемнің Иесі киелі, қасиетті, қастерлі! Бүкіл дүние Оның салтанатты ұлылығына кенелген!» — десіп тұрды. Уа, Жаратқан Ие, Саған тең келер ешкім жоқ! Сен ұлысың! Зор құдіретіңе бола Сенің есімің де ұлы! Әрбіреуінің алты қанаты болатын, қанаттардың тұла бойлары да толған көздер еді. Олар күні-түні тоқтамастан: «Бүкіл әлемнің Билеушісі — әрдайым болып келген, мәңгі бар және болашақта келетін Құдай Ие қасиетті, қастерлі, киелі!» — деп сиынумен болды.
Выбор основного перевода