Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол күндері Тәңір Ие Ассур патшасын Евфрат өзенінің ар жағынан жалдап алып, сендерге қарсы жібереді. Сонда Ол Ассур патшасын ұстарадай қолданады: сендердің шаштарың мен аяқтарыңдағы түктеріңді, тіпті сақал-мұрттарыңды да алып тастаған іспетті сендерді масқара қылады. Жаратқан Ие былай дейді:— Ассур патшалығы қасіретке қалады! Мен оны ызғарлы қаһарыма ұшырағандарды жазалау үшін ғана таяқ, сойыл сияқты пайдаланамын. Ассурдың әскерін Менен безіп, қаһарымды шақырған арсыз халыққа қарсы аттандырамын, әрі оны тонап, олжалауға, даладағы саз балшықтай таптауға жіберемін. Содан Ассур патшасы былай деп мақтанып бөседі: «Менің барлық әміршілерім патшадай күш-қуатқа ие емес пе? Тыңдашы, көптеген халықтардың әскерлері долданған теңіздің гүріліндей шулайды! Ойбай, ұлттардың дабыры қандай! Олар ағысты судың гүріліндей шулайды, әрі жағаны соғып зулаған толқындардай алға жылжиды. Бірақ Құдай оларға бұйрық бергенде, қашып кетеді де, тау жаққа жел ұшырған кебектей, құйын көтерген тозаңдай кері шегінеді. Періште маған тағы да тіл қатып былай деді:— Сен опасыз әйел үстінде отырған суларды көрдің. Бұлар ұлттар мен халықтарды, тайпалар мен тілдерді белгілейді.
Выбор основного перевода