Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Миспа ауданының әкімі Қолхозе ұлы Шаллум Қайнар қақпасын тұрғызып бекітті де, төбесін жауып, есіктерін, ысырмалары мен кесе-көлденең бөренелерін орнатты. Шаллум, сондай-ақ, қабырғаның Патша бағының қасындағы Силоғам тоғанының тұсындағы бөлігін Дәуіттің шаһарынан төмен түсіп жатқан баспалдақтарға дейін жөндеп нығайтты. Яһуда елінде Ұзияхтың немересі Жотамның ұлы Ахаз патшалық құрған кезде Арама патшасы Ресин мен Солтүстік Исраилдің патшасы Ремалиях ұлы Пақах екеуі Иерусалимге қарсы аттанып, шабуыл жасады. Алайда олар қаланы басып ала алмады. Кейін тағы да «Арама Солтүстік Исраилмен бізге қарсы одақтасты!» деген суық хабар Дәуіттің әулетіне жетті. Содан Ахаз патша мен оның халқының қорыққаны сонша, дауыл шайқаған орман ағаштарындай дірілдеді. «Кәне, Яһудаға қарсы аттанып, үрейін ұшырайық! Елді өзара бөлісіп алып, оған Табеил ұлын патша етіп тағайындайық!» дейді. — Силоғам тоғанына бар да, жуып таста! — деп тапсырды. Силоғам аударғанда «Жіберілген кісі» деген сөз. Соқыр кісі барып, бетін жуды. Сонда оның көзі ашылып көретін болды. Содан адам үйіне қайта оралды.
Выбор основного перевода