Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Аруақ шақырушыға, бақсы-балгерлер мен сәуегейлерге жүгінбеңдер! Бұларыңмен өздеріңді арамдағандарың. Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін. дуалап үшкіру және теріс бата берумен де шұғылданбаңдар! Аруақтарды шақырып, олармен тілдесуші, ақыл-кеңестерін сұраушы да болмаңдар! Араларыңда осылай істейтіндер болмасын! Құдай Иелерің сендерге мен сияқты бір пайғамбарды бауырларыңның арасынан шығарады. Соның айтқандарын тыңдаңдар! Саул өзін танымайтындай етіп киімін өзгертіп киінді. Екі жігітін ертіп алып, сол жаққа қарай жүріп кетті. Олар түн ішінде әйелге келді. Саул одан:— Өтінемін, мен үшін сәуегейлік жасап, айтқан адамымның аруағын шақырып беріңізші, — деп сұрады. Әйел:— Сізге кімді шақырып берейін? — деп сұрағанда, Саул:— Самуилді шақырыңыз, — деді. Әйел Самуилді көргенде, қатты шыңғырып:— Мені неге алдадыңыз? Сіз Саулсыз ғой! — деп айқайлады. Патша:— Қорықпа! Не көріп тұрсың? — деп сұрады.— Мен жер астынан шығып келе жатқан, билерге ұқсайтын біреуді көріп тұрмын. — Оның түрі қандай?— Ол — үстіне ұзын шапан киген кәрі адам, — деп жауап берді әйел. Сонда Саул оның Самуил екенін білді де, басын жерге дейін иіп тағзым етті. Жосия патша Иерусалим қаласы мен бүкіл Яһуда елінен табылған аруақты не жынды шақыратын бақсы-балгерлерді, жалған тәңірлердің бейнелері мен мүсіндерін және басқа да жексұрын нәрселердің бәрін құртып, алып тастады. Жосия діни қызметкер Хелкияның Жаратқан Иенің киелі үйінде тапқан Таурат кітабында жазылған заңдарды орындау үшін осылай істеді. Сонда мысырлықтар жүрексініп, түңіліп, Мен олардың жоспарларын шатастырамын. Олар өздері табынған жалған тәңірлері мен аруақтарынан, жынын шақырған бақсылар мен сәуегейлерден ақыл-кеңес сұрайтын болады. Халқым Менен ақыл сұрамай-ақ Мысырға ылдилап барады. Сол елдің қуатты патшасы перғауыннан қорғаныш іздеп, Мысырдың саясын паналайды. Исраил халқы сиынған Киелі Құдай, оны жаратқан Тәңір Ие, тағы мынаны айтады: «Сендер Маған болашақтағы жайттар туралы сұрақ қоясыңдар ма?! Рухани балаларым және қолымнан шыққан істерім жөнінде бұйрық бересіңдер ме?!
Выбор основного перевода