Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сөз жоқ, Өзін қастерлейтін жандардыҚұдай жақында құтқаратын болады,Осылайша Оның даңқты ұлылығыЕлімізге орнығатын болады. Мен салтанатты ұлылығымды паш ету үшін жаратып, қалыптастырып жасаған, әрі өз атыммен атаған олардың барлығын да алып келіңдер!» Аспан, мұны істеген Тәңірді әнмен мадақта,Жер, сен де Оны дәріптеп шаттана айқайла,Шуылдап мақтаңдар, таулар, орман ағаштары да:Жаратқан Жақыптың әулетін құтқарып алды,Өз ұлылығын Ол Исраилде жар қылды! Менің әділдігім жуырда жер бетінде орнамақ. Сендерді тез арада құтқарып алып, басқа халықтарға өз құдіретіммен билік айтатын боламын. Алыстағы елдер Мені үміттене күтіп, құдіретті күшіме сенімдерін артады. Өскіндерді топырақ көктетеді,Себілген дәндерді бақша өсіреді.Ал енді Жаратушы Тәңір ИеӘділдігі мен даңқты істерін деБарлық халықтардың көз алдарындаШүбәсіз қаулатып шығарады да! Ал Иеміздің атын атап Оған сиынған әркім құтқарылады. Жаратқан Иенің айтқанындай, құтқарылғандар Иерусалимдегі Сион тауында тұратын болады. Олар Жаратқан Иенің шақырып алып, аман қалдырғандарының арасында болады.
Выбор основного перевода