Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқанның жоспары мәңгі берік тұрады,Бар ұрпақтарға ниеті нық сақталады. Жүрегінде адам көптеген жоспар құрар,Ал Жаратқанның ұйғарымы жүзеге асар. Әлемнің Иесі былай деп ант еткен: «Менің ой-ниетім шүбәсіз іске асады! Мен қалай жоспарлаған болсам, ол дәл солай орындалады! Жүзеге асты бұрынғы айтқандарым,Енді жаңа жайттарды жариялаймын,Сендерге алдын ала хабарлаймын». Енді өзара ақылдасып, күшті дәлелдеріңді келтіріңдер: Кім бұл жайттарды баяғыдан бері жария етті? Оларды алдын ала айтқан кім? Мен, Жаратқан Ие, емес пе едім? Жалғыз Мен ғана әділ Құдай әрі Құтқарушымын. Менен өзге құдай болған емес, болмайды да! бірақ Құдайдан болса, оны құрта алмайсыздар, тіпті Құдайға қарсы күресетін боласыздар.Гамалиелдің сөзі қошталды. Сондықтан Құдай да Өзінің уәдесін иемденетіндерге алға қойған мақсатының мызғымас екенін өте айқын көрсеткісі келгенде, айтқандарын антпен бекітті.
Выбор основного перевода