Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Самуил ештеңені бүкпестен бәрін айтып берді. Ели:— Ол Жаратқан Ие ғой, Оның әділ еркі орындалсын, — деді. Сонда Езекия Ишаяға:— Сіз жеткізген Жаратқан Иенің сөзі жөн екен, — деді. Өйткені ол: «Әйтсе де менің тірі кезімде тыныштық пен аман-есендік болады», — деп ойлады. Ал патшаның өзі де, Иерусалимнің тұрғындары да өркөкіректігіне өкінгенде, Жаратқан Ие оларға Езекияның көзі тірісінде қаһарын төккен жоқ. Біліп қой, уақыты келгенде Мен сені ата-бабаларыңның қасына аттандырып, мәйітіңнің қабірге құрметпен қойылуына жағдай жасамақпын. Осылай сен Менің осы жерге және оның тұрғындарын жіберетін күллі пәлелерді көрмейсің».Елшілер патшаға қайтып келіп, осы хабарды жеткізді.
Выбор основного перевода