Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Яһуданың патшасы Жохақым да, Құдайдың киелі үйінен алынған бірнеше ыдыстар да Жасаған Иенің еркімен Бабыл патшасының қолына түсті. Сол қасиетті ыдыстарды патша Шинар аймағына әкетіп, өзі табынатын жалған тәңірдің ғибадатханасының қазына қоймасына сақтап қойды. Бабыл патшасы сондай-ақ өзінің сарай қызметкерлерін басқаратын уәзірі Ашпеназға исраилдік патша әулетінен және ақсүйек тұқымынан шыққан бірнеше жасөспірім баланы Иерусалимнен алып келуге бұйырды. Бұлар ешбір кемтарлығы жоқ, келбетті, ғылымның бар жағынан да хабардар, парасатты да зерделі әрі патша сарайында қызмет атқаруға қабілетті болуға және халдейлердің тілі мен әдебиетін үйренуге тиісті еді. Патша оларға өз дастарқанындағы тамағы мен шарабынан күнделікті үлес тағайындады. Сол жасөспірімдер үш жыл бойы тәлім алғаннан кейін патша оларды сарайындағы қызметке кірістірмек болды. Яһуда руынан таңдап алынған жасөспірімдер арасында Даниял, Хананиях, Мишаел, Азариях деген балалар бар еді. Уәзір сол төртеуінің аттарын өзгертіп, Даниялға Балташазар, Хананияхқа Садырақ, Мишаелге Мисақ, Азарияхқа Әбдінего деп жаңадан ат қойды.
Выбор основного перевода