Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Себебі Құдайың Жаратқан Иемін,Сені оң қолыңнан сүйемелдеймін.Қорықпа, Мен сені қолдап-қорғаймынДеп саған берік уәдемді беремін. Халық Менің соңымнан еріп, Мен, Жаратқан Ие, арыстандай ақыратын боламын. Мен ақырғанда, балаларым батыс жақтан дірілдеп қайтып келеді. Ал енді «Арыстан» ақырды! Содан кім үрейленбейді? Жаратушы Тәңір Ие тіл қатты, Оның хабарын басқаларға кім жеткізбейді? Ал мың жыл өткеннен кейін әзәзіл шайтан зынданынан босатылады. Ол дүниенің төрт бұрышындағы халықтарға — Гог пен Магогқа барып, оларды алдап, шайқасқа жинауға ұмтылады. Олар теңіз жағалауындағы құм қиыршықтарындай сансыз көп болады. Сонда дүние жүзінің түкпір-түкпірінен келген осы тобыр Құдай халқының ордасы — Оның сүйікті қаласын қоршап алады. Алайда көктен от-жалын түсіп, жауды жалмап қояды.
Выбор основного перевода