Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Кейбір ұлт мақтанады күймелерімен,Басқалар мақтанады тұлпарларымен,Ал біз мақтанамыз Құдай Иемізбен. О, күнәкар ұлт, мойнында ауыр кінәсі бар халық, зұлымдардың тұқымы, азғындыққа салынған ұрпақ! Мен Жаратқан Ие, Исраилдің Киелі Құдайы болсам да, олар Мені менсінбей, бас тартып, сырт айналып кетті! Бұл халықтың жері алтын-күміске кенелген. Қазынасының шегі жоқ, мінетін аттары мен соғыс күймелері де сансыз көп. Исраил сиынған Киелі Құдай, оның жарық Нұры, лаулаған от пен жалынға ұқсап бір-ақ күнде Ассурдың тікенді бұталарын әрі жантақ, ошағанын өртеп жібереді: Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Бас көтергіш балаларға ұқсайтын халқым қасіретке қалады! Олар Менің еркімнен тыс жоспарлар ойлап, одақ құрады, әрі Менің Рухымның жетелеуінсіз келісімшарт жасайды. Осылай күнәларына күнә жамап келеді. Халқым Менен ақыл сұрамай-ақ Мысырға ылдилап барады. Сол елдің қуатты патшасы перғауыннан қорғаныш іздеп, Мысырдың саясын паналайды. Неліктен сен жүрген жолдарыңды оп-оңай өзгерте саласың? Ассурдың өзіңді масқара қылғанындай, Мысыр да сені масқараға қалдыратын болады. Алайда Иерусалим патшасы Мысырға елшілерін жіберіп, сол елден көп жылқы мен қалың әскер сұрауы арқылы Бабыл патшасына қарсы бас көтерумен болды. Ол енді табысқа жете ме? Мұндайды істеген адам аман-есен қала ма? Антын бұзған адам аман-сау құтыла ма? Мұса Тауратта алдын ала жазып қалдырғандай, сол ауыр апат түгелдей басымызға түсті. Солай болса да, біз күнәларымыздан бас тартып, Құдайымыз Жаратқан Иенің шынайы ілімін ұғынуға көңіл бөлген жоқпыз, әрі Оның рақым көрсетуін сұрап жалбарынбадық. Халық Маған арнап малдарын құрбандыққа шалып, етін жесе де, Мен, Жаратқан Ие, соларына риза емеспін. Қайта, Мен халқымның істеген зұлымдықтарын есіме алып, оларды күнәлары үшін жазалаймын: халқым өздері бұрын құл болған Мысырға қайта оралатын болады!
Выбор основного перевода