Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олар жел өтіндегі қауыздай шашырасын,Жаратқанның періштесі айдап шықсын, әрі жағаны соғып зулаған толқындардай алға жылжиды. Бірақ Құдай оларға бұйрық бергенде, қашып кетеді де, тау жаққа жел ұшырған кебектей, құйын көтерген тозаңдай кері шегінеді. Кешке қарай қорқыныш тудырғанмен, олар ертеңгісін жоқ болады. Біздің елді тонап, мал-мүлкімізді талап әкеткен әрбір жаудың тағдыры, міне, осындай болады. Сондықтан мықты халықтар Сені даңқтамақ,Қатыгез ұлттардың қалалары қорықпақ. Ал жарлылар Өзіңнен баспана табады,Апатта мұқтаждар қасыңда қорғанады,Оларға қорғаныш боласың дауылданӘрі ыңғайлы көлеңке боп ыстықтан.Жауыздардың кәрлі лебі қабырғаныСоққылаған боран не шөлдің аптабыІспетті болды. Бірақ Сен, Ием менің,Бөгде жаулардың үндерін өшіртесіңҺәм мақтанған әндерін сол аяусыздардың,Қалың бұлттай салқындатқан күн аптабын. Осы әділетсіз іс-әрекеттеріңе бола сендердің бастарыңа зор қауіп төніп тұр! Ол шығыңқы жерлері мен жарықтары бар, құлауы әбден ықтимал биік қабырғаға ұқсайды. Сондай қабырға бір-ақ сәтте, күтпеген жерден құлап, қирайды да, Жұрт «Бәрі тыныш, қауіпсіз» деп жүргенде, апат аяғы ауыр әйелдің толғағындай табан астынан болады. Сонда ешкім қашып құтыла алмайды.
Выбор основного перевода