Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сендер қолдарыңды жайып Маған сиынғанда назар аудармаймын. Қаншама көп мінажат етсеңдер де, Мен құлақ салмаймын. Себебі қолдарың жазықсыз адамдардың қанымен былғанған. Олар Маған күнде сиынып, еркімді білуді қалағансиды, әрі әділдік жасайтын, Құдайының айтқандарына мойынсұнатын халық сияқты болып көрінеді. Осылай олар Құдай алдына келуді ұнатып, Менен әділ шешімдер өтініп, былай дейді: «Біз ораза ұстап едік, Сен неге көз салмадың? Саған бой ұсынған едік, Сен неге байқамадың?»(Бұған Менің жауабым мынадай:) «Ораза тұтқан күндеріңнің өзінде сендер қалағандарыңды істеп, тіпті бейшара жұмысшыларыңды қанайсыңдар! Сен көшет іспетті елге отырғызған олар тамыр жайып, өсіп-өнуде. Олар ауыздарымен атыңды атай береді, бірақ жан дүниелері Сенен тым алыс. Сөйтіп олар әдеттегідей саған келіп, Менің халқымның адамы болып алдыңда отырады. Алайда сенің айтқан сөздеріңді тыңдаса да, соларды орындамайды. Олар жағымпаздана сөйлегенде, жүректерінде өздерінің арам пайдаларын ғана ойлап тұрады. «Бұл халық Мені тек ауызбен ғана сыйлайды, ал жүректері Менен тым алшақ. Адам баласы шығарған ережелерді үйретіп, Мені құрметтегенсиді, бірақ солары бекершілік!» Исаның жауабы мынау болды:— Екі жүзді сендер жайында Ишая пайғамбар алдын ала дәл айтып кеткен! Оның жазбасында былай делінген ғой: «Бұл халық Мені тек ауызбен ғана сыйлайды, ал жүректері Менен тым алшақ. Адам баласы шығарған ережелерді үйретіп, Мені құрметтегенсиді, ал солары бекершілік!» Бұлардың бәрі түбі қолдану барысында жоқ болатындар ғой. Ондай парыздар мен ілімдер адам ойынан шыққан.
Выбор основного перевода