Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ассур патшалығына назар сал! Ол да Ливандағы заңғар биік, төбесі тіпті бұлттарға дейін жететін самырсын іспетті болған еді. Оның көрікті бұтақтары орманды жауып тұратын. Ұлттардың ішіндегі ең айбынды шетелдіктер оны шауып құлатып, тастап кетті. Ағаштың сынып қалған бұтақтары елдің барлық таулары мен сай-салаларында, өзен тармақтарында шашылып жатты, ал жердегі күллі ұлттар оның саясын тастап, кетіп қалды. Оның қалдығына аспандағы барлық жыртқыш құстар қонып, бұтақтарына даладағы аңдар өрмеледі. Ағаштың бұтақшалары солып кеуіп қалғанда, әйелдер келіп, оларды отынға жинап, жағып жібереді. Исраил халқымен де сол сияқты болмақ. Олар еш нәрсені түсінбегендіктен, өздерін жаратқан Құдай оларға рақым бермейді де, аяушылық көрсетпейді де. Өскін тамыр жайып, қаулап өскен аласа жүзім бұтасына айналыпты. Оның бұтақтары бүркітке қарай бұрылып, тамырлары жерге терең кетіпті. Осылай жүзім бұтасы айналасына бұтақтары мен өркендерін жіберіпті. Бірақ қанаттары мықты, қауырсындары қалың тағы да бір бүркіт бар еді. Әлгі жүзім бұтасы отырғызылған жерінен көбірек су іздеп, сол бүркітке қарай тамыр жіберіп, бұтақтарын бұратын болыпты. Ол бұтақ жайып, жеміс беріп, керемет жайқалған жүзім бұтасы болсын деп, суы мол жердегі құнарлы топыраққа отырғызылған болатын. Исраил халқына былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Сол жүзім бұтасы жайқалып өсе бере ме? Жоқ, Мен оны түп-тамырымен жұлып, жемістерін сыпырып тастаймын. Сонда жемістері де, жаңадан өскен мұртшалары да қурап қалады. Бұтаны түп-тамырымен жұлып тастауға не зор күш-қуат, не үлкен әскер қолы қажет болмайды. Бұта басқа жерге көшіріліп отырғызылса да, өсіп-өнетін бола ма? Жоқ, шығыстағы шөлдің аңызақ желі соққанда, ол өсіп шыққан жерінде-ақ біржола қурап қалады».
Выбор основного перевода