Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Кейін Жаратқан Ие осы тапсырмасын былай деп түсіндірді: «Менің қызметшім Ишая үш жыл бойы сырт киімсіз, жалаң аяқ жүрді. Бұл — Мысыр мен Құш елдерінің басына түсетін азапты жайды алдын ала білдірген белгі. Ассур патшасы сол кезде Мысыр мен Құштан тұтқындағандарын осылайша айдап әкетеді. Жасы бар, кәрісі бар, олар сырт киімсіз, жалаң аяқ, арттары ашылған күйі жер аударылады. Содан Мысыр әбден масқараланады. Құшқа сенім артып, Мысырды мақтан тұтқандар үрейленіп, ұятқа қалады». Семсер Мысырға тап бермек, Құш елін де зор үрей билемек. Мысырда халық қырылып, оның мол байлығы тасып әкетіліп, түп негіздері қиратылмақ. Құш, Либия, Лүдия, күллі арабтар, Хуб, әрі келісім жасасқан одақтас жердің бүкіл халқы олармен бірге семсерден қаза табады. Сол кезде Мен бейқам отырған Құш елін қорқытып, зәресін ұшыруға қайықтарға мінген елшілерді жіберемін. Мысыр күйреген күні олар аңтарылып, қатты үрейленеді. Өйткені осы күн, міне, таяп қалды!» Құш пен Мысыр оның шексіз қуаты, Пұт пен Либия оның қолдаушыларының қатарында болатын. «Сендер де, ей, құштықтар, Менің семсерімнен қырыласыңдар»! Құш еліндегі өзендердің арғы жағынан Маған сиынып ғибадат ететіндер — Менің шашырап кеткен халқым сый-тартулар әкелетін болады.
Выбор основного перевода