Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Күллі халықтар, мынаны тыңдаңдар,Әлемнің тұрғындары, құлақ асыңдар, Жаратқан Ие алыстағы халықтарға арнап туын көтеріп, ысқырғандай белгі береді. Сонда әскерлері жер шетінен асығыс аттанып, тез жетеді. О, Тәңір, қолың соғуға көтерілген,Бірақ зұлымдар соған қоймайды ден,Өз халқыңды қорғайтыныңды зор ынтаменКөрсетіп оларды ұялтасың Сен.Жауларыңа дайын тұрған от расындаОларды жалмайтын болады да. Яһудада хабарлап, Иерусалимде жариялаңдар, бар күштеріңмен айқайлап, мынаны айтыңдар: «Керней тартып, бүкіл елде дабыл қағыңдар! Бәріне былай деңдер: Жиналыңдар! Бекіністі қалаларға қашып барып бас сауғалайық! Сионға қарай бағыттап белгі көтеріп қойыңдар! Босқа тұрмай, тез қашып құтылыңдар! Өйткені Мен солтүстіктен сұрапыл апат әкеле жатырмын!» «Бас сауғалап қашыңдар, уа, Буняминнің үрім-бұтағы! Иерусалимнен де қашып кетіңдер! Текояда дабыл қағып керней тартыңдар, Бет-Кәремнің үстінен от қойып белгі беріңдер! Себебі солтүстіктен елді қырып-жоятын сұрапыл апат келе жатыр!
Выбор основного перевода